🌟
💫
🚀
🎨
🎭
🎪
🎬
🎵
🎸
Талантты балаларға арналған республикалық конкурс

ЖҰЛДЫЗДАР МЕН ҰЛ-ҚЫЗДАР

6-17 жас аралығындағы балалар үшін ең үлкен республикалық конкурс

Сіздің балаңыз жұлдызбен бірге сахнаға шығады!
Күні
28 АҚПАН 2026
Орын
Нуркент 14А, Алматы

Тіркелу

«AI MEDIA» Продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Жұлдыздар мен ұл қыздар» республикалық балалар байқауының ЕРЕЖЕСІ 📅 Байқаудың өту уақыты: 28.02.2026ж ⏰ Тіркеудің аяқталу мерзімі: 26.02.2026ж 📍 Өту мекен-жайы: Алматы қаласы, мкр Нұркент 14а, Алатау аудандық балалардың инновациялық шығармашылық орталығы ⚠️ ҰСТАЗДАРҒА БЕРІЛЕТІН КЭШБЕК ТУРАЛЫ СОҢҒЫ БӨЛІМДЕРДЕН ҚАРАҢЫЗ. 1️⃣ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ Мақсаты: «Жұлдыздар мен ұл қыздар» республикалық балалар байқауы — дарынды балалардың шығармашылығын қолдау, дамыту және насихаттау мақсатында ұйымдастырылады. Байқау балалар мен жасөспірімдерге сахналық өнердің әр түрлі жанрларында өнер көрсетуге мүмкіндік береді. • Әр өнерпазға шығармашылыққа деген алғашқы қадамын жасауға мүмкіндік беру • Ұстаздардың тәжірибе алмасып, шығармашылық тұрғысынан дамуына үлес қосу • Ұлттық және заманауи мәдениетті дәріптеу • Балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, өнерге деген қызығушылығын арттыру • Жас таланттарға өз дарынын көпшілікке танытуға жағдай жасау • Балалар арасындағы достық, ынтымақтастық пен мәдени байланысты нығайту • Қатысушыларды кәсіби сахналық тәжірибемен таныстыру • Жергілікті және халықаралық деңгейде жаңа есімдерді ашу және қолдау 2️⃣ БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ 🎤 ЭСТРАДАЛЫҚ ВОКАЛ • Кез-келген еркін тақырыпта бір ән орындайды • Аспаптың сүймелдеуімен немесе концертмейстермен немесе дайын минусовка • Ұзақтығы - 4 минуттан аспау керек • Рұқсат етілген бағыттар: Эстрадалық, халықтық, классикалық, Джаз, R&B • Жеке орындаушылар, Дуэт, трио, квартет, Квинтет, Вокалды топтар, хор 🎵 ДӘСТҮРЛІ ӘН ӨНЕРІ • Аспаптың сүймелдеуімен еркін тақырыпта кез келген ән орындай алады • Жеке, дуэт, трио, квартет, квинтет, ансамбльдер қатыса алады (4 мин) 🎸 АСПАПТЫҚ ЖАНР • Ұлттық және заманауи аспаптар • Кез-келген еркін тақырыпта бір шығарма орындайды • Жеке, дуэт, трио, квартет, квинтет, ансамбльдер қатыса алады (4 мин) 💃 ХОРЕОГРАФИЯ • Жеке және топтық • Еркін тақырыпта 1 бимен қатыса алады (4 мин) 🤖 РОБОТОТЕХНИКА • Еркін тақырыпта жасалған 1 жұмысымен қатыса алады • Топтық жұмыс 3-7 адамға дейін 3️⃣ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ ТОПТАР 👶 Baby топ: 5–6 жас 🧒 Кіші топ: 7–9 жас 👦 Орта топ: 10–13 жас 👨 Үлкен топ: 14–18 жас 4️⃣ БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ • Қатысушылар бір немесе бірнеше жанр бойынша өнер көрсете алады • Әр жанр бойынша репертуар уақыты — 3-4 минуттан аспауы тиіс • Қатысушылар алдын ала тіркеліп, өздерінің нөмірлерін ұйымдастыру комитетіне жіберуі қажет 📞 БАЙЛАНЫС: • WhatsApp: 8 702 759 59 01 • Email: Bakosh.89@mail.ru • Хореография: 8 747 990 02 95 ⚠️ ҚҰРМЕТТІ ЖЕТЕКШІЛЕР: • Өтініштерді қосымшадағы №1 үлгіге қарап толтырамыз • Өнерпаз бен жетекшінің аты-жөнін қатесіз толтыруларыңызды сұраймыз • Дипломға, Алғыс хатқа жазылған аты-жөнді қайтадан өзгертіп жазып бермейміз • Өтінішпен бірге төлем чегін жібереміз • Барлық өтініштер әр қатысушыға жеке және топтарға жеке-жеке толтырылады • Жоғалған жеке заттарға ұйымдастырушы тарап жауап бермейді • Байқау кезінде әрбір қатысушыға жетекшілер немесе баламен келген ата-ана жауап береді 🚫 ҚАТАҢ ТИЫМ САЛЫНАДЫ: • Айғайлауға, жаман іс әрекеттерге, агрессия, жанжалдасу • Басқа қатысушыларға, ұйымдастыру комитетіне, қазылар алқасына дөрекілік танытуға ⚠️ Жоғарыда айтылған тармақтар бұзылған жағдайда қатысушының байқауға төленген жарнасы қайтарылмай шеттетіледі (дисквалификацияланады). ⚠️ Қатысушы байқауға тіркеліп, қатыса алмай қалған жағдайда қатысу жарнасы ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ. 5️⃣ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ Байқау кезіндегі көрсеткен өнерлеріне байланысты бағаланады: • Сахна мәдениеті • Орындаушылық шеберлік • Көркемдік мазмұн және репертуар таңдауы • Креативтілік және көркемдік шешім • Дыбыстау және артикуляция (вокал, дәстүрлі ән) • Костюм және сахналық бейне Байқауға қатысушылардың өнерін ҚР өнер қайраткерлері, жұлдыздарынан құралған кәсіби қазылар алқасы бағалайды. ⚠️ Әділ қазылар алқасының шешімі өзгертілмейді және қайта қаралмайды. Қазылар алқасының шешімі Хаттамға енгізіледі және өзгертуге жатпайды. Ұйымдастыру комитеті Қазылар алқасының шығарылған шешімі және жеңімпаздарды марапаттау орындарын беру бойынша жауап бермейді. 6️⃣ МАРАПАТТАУ Әр жас тобымен жанр бойынша: Қазылар алқасының шешімімен: 🏆 БАС ЖҮЛДЕ - КУБОК - МЕДАЛЬ + ДИПЛОМ 🥇 1-ОРЫН - КУБОК - МЕДАЛЬ + ДИПЛОМ 🥈 2-ОРЫН - КУБОК - МЕДАЛЬ + ДИПЛОМ 🥉 3-ОРЫН - КУБОК - МЕДАЛЬ + ДИПЛОМ 🏅 ДИПЛОМАНТ - КУБОК - МЕДАЛЬ + ДИПЛОМ Лауреат Бас жүлде І, ІІ, ІІІ орын иегерлері анықталады (Медаль, диплом, Арнайы сыйлық) Арнайы номинациялар мен ынталандыру сыйлықтары қарастырылған. ⭐ ЕҢ БАСТЫ СЫЙЛЫҚ: БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛҒАН қатысушыға «Жұлдыздар мен ұл қыздар» республикалық балалар байқауының телевизиялық финалдық концертке ТЕГІН ЖОЛДАМА. ҚР жұлдыздарымен бірге өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады! 🌟 7️⃣ БАЙҚАУДЫҢ КЕҢСЕЛІК ТАЛАПТАРЫ • Байқау қатысушылары алдын ала ереже соңында көрсетілген анкетаны толтырып жіберулері керек • Анкетада көрсетілген мәліметтерге сәйкес марапаттау қағазы беріледі • Байқау қатысушының бір ұстазына ғана мақтау қағазы беріледі • Өтініште көрсетілген мектеп директорларына ғана алғыс хаттар беріледі 8️⃣ ЖЕТЕКШІЛЕР НАЗАРЫНА 💰 ҰСТАЗДАРҒА ҚОСЫМША КЭШБЕК БЕРІЛЕДІ, ЕГЕР: 1. Жеке орындаушылары - 5 баладан көп болса 2. Топтар - 3 топтан көп болса 3. 250 бала қатыстырған ҰСТАЗҒА ҮЛКЕН КУБОК ЖӘНЕ АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚ 4. Хореография жанры бойынша 500 МЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ 9️⃣ БАЙҚАУ ЖАРНАСЫ ЖЕКЕ ҚАТЫСУ: • Жеке: 20,000 тг • Дуэт: 25,000 тг • Трио: 30,000 тг • Квартет: 40,000 тг АНСАМБЛЬ, БИ ТОПТАРЫ, ХОРЛАР: • 6-10 қатысушыларға дейін: 7,000 тг (1 өнерпазға) • 10-15 қатысушыға дейін: 5,000 тг (1 өнерпазға) БАЛАБАҚШАЛАР: • Жеке: 10,000 тг • Дуэт, Трио: 5,000 тг (әр қатысушыға) • Ансамбльдерге: 4,000 тг 🎫 Залға көрермен ретінде кіріп көру үшін: 1,000 тг (Топ жетекшілері мен сайысқа қатысушыларға ТЕГІН) ⭐ «Жұлдыздар мен ұл қыздар» жұлдызын бірге жағайық, әр бала жұлдыз болуға лайықты! 📞 БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ Ұйымдастырушы: «AI MEDIA» Продюсерлік орталығы Ауелбеков Бағлан Ауезханович Телефон: 8 702 759 59 01 Email: Bakosh.89@mail.ru ━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━ 📋 ҚОСЫМША №1 САУАЛНАМА-ӨТІНІШ «Жұлдыздар мен ұл қыздар» республикалық балалар байқауы • Аты-жөні: • Жасы: • Қай жерден (облыс, қала, аудан, ауыл): • Мектебі: • Сыныбы: • Байқау жанры: • Байқауға қатысатын шығармасы: • Авторлары: • Мектеп директоры және байланыс телефоны: • Жетекшісі: • Байланыс телефондары: ⚠️ Қатысуға өтінім әр номинацияға және жас тобына сәйкес БӨЛЕК ТОЛТЫРЫЛАДЫ!